Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирінің ашылу салтанаты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирінің ашылу салтанаты (ВИДЕО)

22.11.2014
Қазақ күресінен «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирінің ашылу салтанаты (ВИДЕО)

Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі кубоктық жүйе бойынша өтуде.

Әр палуан өз салмағындағы қарсыласымен шығып, ұтқаны командасына әпереді.

«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 палуан қатысады. Жарыс 60, 70, 80, 90 және + 90 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтеді. Әр елдің атынан 5 салмақ дәрежесі бойынша бес палуан қатысады.

Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов, Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Айбек Нұғымаров және Дәулетхан Жақыпов сынды палуандар қорғайды.

Еске сала кетейік, жарысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу