Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан республикалық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан республикалық турнир басталды

16.06.2015
Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан республикалық турнир басталды

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан республикалық турнир басталды. «Арманыңа жақында!» атты дәстүрлі доп додасы үшінші жыл қатарынан өтуде. 

Жарыстың іріктеу кезеңі 30 сәуірде еліміздің 11 аймағында басталып, 18 команда қатысуға өтініш білдірген.

Аймақтық іріктеу ойындарынан оза шауып, үздік ойын көрсеткен сегіз команда Алатау бөктерінде өзара бақ сынасуда.

Жарыс жеңімпаздары Германияға жолдама ұтып алып, атақты «Альянц Арена» стадионында «Бавария» командасының ойыншыларымен кездесуге мүмкіндік алмақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу