Балалар үйінің тәрбиеленушілері баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар үйінің тәрбиеленушілері баспаналы болды

11.04.2014
Балалар үйінің тәрбиеленушілері баспаналы болды
Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар баспаналы болды. Нұрсәт шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйден кезекте тұрған 109 азаматқа пәтерлердің кілті табысталды.
 
Үй алуға өтініш берген 29 жасқа дейінгі жастардың құжаттарын жергілікті билік жан-жақты қарап шығыпты. Арнайы бағдарламаның талаптарына сәйкес келгендерге ғана үй берілді.
 
Сондай-ақ, бұл күні «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жаңа үйлерге болашағы жоқ ауыл тұрғындары да қоныстанды. Облыс аумағынан көшіп келген 17 отбасы пәтерге мұқтаж ретінде тіркелген-ді.
 
Қоныс аударғандардың еңбеккке қабілеттілері енді  шаһардың түрлі кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа тартылады.
 
Осылайша, шаһар басшылары әлеуеті төмен топқа қолдау көрсетіп, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендетпек.
 
Мүбәрәк Расулова, қала тұрғыны:
Қанша жылдан бері армандап, үш бөлмелі пәтер алдым. Бөлмелер кең, өте жақсы. Барлық жағдай жасалған.
 
Мақсұт АЙТЖАНОВ

Хабарламаларға жазылу