Алматыда Денис Тен атындағы халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Денис Тен атындағы халықаралық турнир өтеді

13.09.2019
Алматыда Денис Тен атындағы халықаралық турнир өтеді

10-13 қазан күндері Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді. Denis Ten Memorial Challenge «Халық аренада» ұйымдастырылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа ISU-дің барлық мүшелері қатыса алады. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді. Турнирге өтініштер 19 қыркүйекке дейін қабылданады. Жастар мен ересектер арасында қысқа бағдарлама жарыстың бірінші күнінде өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер Denis Ten Memorial Challenge турнирін қорытындылайды.


Хабарламаларға жазылу