Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды

26.05.2016
Олжас Сүлейменов Павлодар облысының құрметті азаматы атанды

Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған кездесу өтті. 

- Бүгінгі кездесу Ертіс-Баян өңірінің халқы үшін естен кетпес тарихи оқиға. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында Олжас Омарұлы 80 жасқа толып отыр. Облыс алдында сіңірген еңбегіңіз үшін сізді Павлодар облысының құрметті азаматы атағымен марапаттауға рұқсат етіңіз, - деді аймақ басшысы Б. Бақауов. 

Сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев О. Сүлейменовті мерейтойымен құттықтап, Олжабай бабасының суреті мен кітаптарды сыйға тартты.

Айта кетерлігі, шара барысында білім ордасында Олжас Сүлейменов атындағы аудитория ашылды. 

Хабарламаларға жазылу