Автораллиден әуесқойлар арасында ел Кубогы сарапқа салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автораллиден әуесқойлар арасында ел Кубогы сарапқа салынды

10.03.2015
Автораллиден әуесқойлар арасында ел Кубогы сарапқа салынды

Жеңімпаздар төрт кезеңде белгілі болды. Бірінші кезең Теміртауда өткізілсе, қалған үш кезең Астанада ұйымдастырылған.  

Сонымен төрт кезең қорытындысы бойынша толық қозғалтқышты көліктер арасында қарағандылық Виталий Сапожников және Анастасия Криякова жұбы бірінші орын алса, артқы доңғалақты қозғалтқыштары бар көліктер арасында елордалық Владимир Казаков және Николай Филимонов жұбы үздік шықты.

Ал, алдыңғы қозғалтқышы бар көліктер ішінен астаналық Яна және Денис Аксеновтар ел Кубогын иеленді.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу