Алматы облысында эндуро мотоспортының жазғы Кубогы сарапқа салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында эндуро мотоспортының жазғы Кубогы сарапқа салынды

18.06.2014
Алматы облысында эндуро мотоспортының жазғы Кубогы сарапқа салынды
 
Алматы облысында эндуро мотоспортының жазғы Кубогы сарапқа салынды. Эндуро испан тілінен аударғанда «төзімді», деген мағынаны білдіреді.
 
Сондықтан болар, жарысқа жігері мықты мотошабандоздар қатысты.
 
Сайыс осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл турнирге еліміздің әр аймағынан 30-ға жуық спортшы қатысты. Мотоциклдердің қозғалтқыш көлеміне қарай екі бағдарлама бойынша шеберлік байқасты.
 
Тау-тастармен жүріп, су, батпақ, бөренелер сияқты түрлі кедергілерден өтіп, мәре сызығына бірінші жеткен спортшы жеңімпаз атанды.
 
Елімізде бұл спорт түрін дамыту мәселесі кенжелеу қалып жатса да, оған ден қойғандар саны жылдан-жылға артып келеді.
 
Әшім Айбахунов, жарыс жеңімпазы:
Текелі қаласына менің осымен екінші рет келуім. Былтыр екінші орынды қанағат тұтқанмын. Бір жылда дайындалып, көрсеткішімді жақсарттым. Жалпы, эндуро шыдамдылықты және үлкен күш-қайратты талап етеді. Мен үшін бұл спорт түрі салауатты өмір салтына айналды.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу