Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында самбодан ашық біріншілік өтті.
Ұлттық университеттің ұйымдастыруымен өткен жарысқа шаһардағы 10 білім ордасынан 8 салмақ бойынша 128 палуан қатысты.
Жаттықтырушылар спортшыларды жиі белдестіру арқылы тәжірибесін арттырып, боз кілем үстінде шеберлігін шыңдайды. Белдесудің мақсаты - студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, оларды үлкен жарыстарға дайындау.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ