Самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

11.04.2015
Самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтауда самбодан жастар арасында ел чемпионаты бастау алды. Спорттық шараға 600-ға жуық жас палуан қатысуда. Ұлттық құрама сапына іріктеу болғандықтан әр бір белдесу тартысты өтіп жатыр.

Алғашқы күні қатысушылар 10 салмақта мықтыны анықтады. 48 келіде семейлік Мұхтар Мейрамбектің бағы жанса, 57 келіде Рамазан Мамаев ел чемпионы атанды. Ал 68 келіде Атыраулық Дәурен Болатбекұлы топ жарды. Шешуші белдесуде ол жергілікті палуан Ерлан Серіковты ұтып кетті. 82 және 100 келіде Дәулет Пахрединов пен Нұрғали Жолтаевтар бірінші орын алды. Қыздар арасында өз салмақтарында Надырабегім Құдіретова, Айда Сұлтанбекова, Аққал Өтебек, Аэлита Щербакова және Гүлім Сағымбай  алтыннан алқа тақты. Үздіктер Ашхабадта өтетін Азия және Ригадағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 

Хабарламаларға жазылу