«Әлем Барысы» халықаралық турниріне Ресей атынан Максим Ширяев қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысы» халықаралық турниріне Ресей атынан Максим Ширяев қатысады

08.10.2014
«Әлем Барысы» халықаралық турниріне Ресей атынан Максим Ширяев қатысады

25 қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде Ресей елінің намысын қорғайтын палуан – самбошы Максим Ширяев, деп хабарлады «Қазақстан Барысы» әлеуметтік парақшасы.

Максим Ширяев 1988 жылы туған, жасы 26-да.

Бойы – 189 см.

Салмағы – 130 келі.

Жетістіктері:

Самбодан халықаралық санаттағы спорт шебері;

2012 жылы самбодан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

2012 жылы самбодан Әлем Кубогының жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаз;

Аса ауыр салмақта самбодан 2014 жылы Ресей чемпионы атанған;

2010 жылы самбодан жастар арасында өткен Әлем Кубогының жеңімпазы;

2012 жылы самбодан Ресей чемпионатының күміс жүлдегері;

2010 жылы дзюдодан Ресей чемпионатының қола жүлдегері;

2006 жылы самбодан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

2008 жылы самбодан жастар арасында (18-20 жас) Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

2008 жылы самбодан жастар арасында (18-20 жас) Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

2012 жылы самбодан Мәскеу қаласының ең үздік спортшысы атанған;

2014 жылғы «Мәскеу Барысы».

Хабарламаларға жазылу