Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» өз айдынында ресейлік «Северсталь» командасын қабылдап, буллит сериясында жеңіске жетті.
Ал, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.
Кездесуде алғашқы шайбаны жерлестеріміз сапынан Майк Ландин соқса, арада бес минут өткенде Павел Чернов таблодағы көрсеткішті теңестірді.
Буллит сериясында астаналық клуб мықты екенін байқатты.
«Барыс» ендігі ойынды 30-қаңтар күні Астанада мәскеулік «ЦСКА»-ға қарсы өткізеді.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ