«Барыс» пен «Сарыарқа» ойындарын «KAZsport» көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» пен «Сарыарқа» ойындарын «KAZsport» көрсетеді

04.09.2014
«Барыс» пен «Сарыарқа» ойындарын «KAZsport» көрсетеді

Күз келісімен ҚХЛ және ЖХЛ  хоккей турнирлері де басталады. Ал қазақстандық хоккей командаларының ойындарын «KAZsport» телеарнасы көрсететін болады. Бұл туралы телеарна жетекшісі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«KAZsport» телеарнасы ҚХЛ және ЖХЛ  хоккей турнирлерінде ойнайтын қазақстандық командалардың ойынын көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде «Барыс» және «Сарыарқа» командаларымен  келісіп те қойдық. Қазір «Қазцинк-Торпедомен» келіссөздер жүргізіп жатырмыз.  

8 қыркүйек күні «Барыс» пен «Сарыарқаның» ойындары бір мезгілде басталатындықтан, біз Астана уақытымен 19.00-де «Барысты» көрсетеміз. Кейін сағат 22.00-де көрермендер қарағандылық команданың ойынын жазба түрінде  тамашалай алады»,-дейді телеарна басшысы.

Хабарламаларға жазылу