Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді жеңіп, чемпион атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді жеңіп, чемпион атанды (ВИДЕО)

11.02.2017
Кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Жанат Жақиянов шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізіп, жеңіл салмақта чемпион атанды. АҚШ-тың Толедо қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз америкалық Роуши Уорренмен кездесті. 12 раундқа созылған жекпе-жекті Жанат сәтсіз бастап, екі нокдаун алды. Алайда, қалған уақытта толық басымдық көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу