Биыл алғаш рет командалық есепте ел кубогы жолындағы бәсекелер өтуде. 14 облыс пен 2 қаланың намысын қорғаған палуандар төрт топқа бөлініп сынға түсуде.
Алдымен ел кубогын грек-рим күресінің палуандары сарапқа салған.
Бұл бәсекеде қарсыластарының барлыған айқын басымдылықпен ұтқан Алматы облысының командасы бас жүлдеге ие болды.
Олар финалда 5 : 3 есебімен Алматы қаласының спортшыларын жеңді. Ал, қола жүлде астаналықтардың еншісінде. Олар үшінші орын үшін өткен белдесуде шымкенттіктерден басым түсті.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ