Euro 2024: Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Euro 2024: Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Словениямен кездеседі

20.11.2023

Бүгін дүйім жұрт ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасына жанкүйер болып, тілеуін тілейді. Себебі түнде шешуші ойын. Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан Словениямен кездеседі. Финалға бергісіз матч болғалы тұр. Бұл Н тобының соңғы туры. Магомед Адиев шәкірттері қызу дайындалып жатыр. Маңызды матчқа жарақат алып, алаңға шықпайтын ойыншылар келіп, команданы қолдамақ.

Қазір Ұлттық құрама топтың турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші сатыда тұр. Ал Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында келеді. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет, словениялықтарды тең ойын да қанағаттандырады.

Бағдат Қайыров, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы:

Командада көңіл күй жақсы. Атмосфера керемет! Әр ойыншы бұл ойынның маңыздылығын түсінуде. Ешкімге қосымша мотивацияның қажеті де жоқ бұл ойынға. Бұл жолдама алуға финалдық матч. 


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу