Футболдан ел чемпионатының 31-ші тур ойындары өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ел чемпионатының 31-ші тур ойындары өтуде

01.11.2014
Футболдан ел чемпионатының 31-ші тур ойындары өтуде

Футболдан Қазақстан примьер лигасының 31-ші туры аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында алаң иелері алғашқы болып есеп ашты. Гол авторы - Азат Нұрғалиев. Ал ойын соңына дейін шымкенттік команда сапынан Артем Касьянов және Дәуренбек Тәжімбетов көзге түсіп, өз командаларында бір ұпайдан әкелді. Ал «Шахтер» болса Роман Мұртазаев және Михаил Габышевтің голымен жауап қатты. Сонымен қатар, семейлік «Спартак» атыраулық спортшыларды 3:1 есебімен жеңсе, «Тобыл» «Жетісуден» 2:0 есебімен басым түсті. Ал «Тараз» бен «Ертіс» арасындағы ойын 0:3 есебімен аяқталды.

Хабарламаларға жазылу