Алматылық «Қайрат» футзалдан Әлем суперкубогының финалына шықты. Қарсыласы - Мәскеудің «Динамосы». Алматылық клуб финалға берілетін жолдаманы Азия чемпионы тайландтық «Чонбури» командасымен сарапқа салған. Тартысты ойында есепті «Қайрат» командасының шабуылшысы бразилиялық Игор ашты.
Араға аз уақыт салып Азияның ең үздік ойыншысы Суфавут Туэанкланг есепті теңестіріп кетті. Қос команда бұл матчта алма-кезек шабуылдар ұйымдастырып, ойын соңына дейін «Қайрат» ойыншылары дәлдік танытты.
Қорытынды есеп 6:2. Енді тайландтық клуб үшінші орын үшін Бразилияның «Интеллиімен» ойнаса, «Қайрат» пен ресейлік «Динамо» бас жүлдені өзара сарапқа салады.