Бокс. Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокс. Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының жартылай финалына өтті

29.09.2014
Бокс. Ілияс Сүлейменов Азия ойындарының жартылай финалына өтті

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында бокс бәсекелері жалғасты.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Ілияс Сүлейменов шаршы алаңның қожайыны – Оңтүстік Корея боксшысы Сангдон Чоны 2:1 (28:27, 29:26, 27:28) есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті. Демек, Ілияста кем дегенде қола медаль бар.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Сүлейменов үшін 3-ші жекпе-жек болатын. Бұған дейін ол таиландтық Чатчай Батдиді және үндістандық Хулио Брианы жеңген еді.

Фото: kfb.kz

Хабарламаларға жазылу