Азиадада жүлде алған спортшыларға сый-сияпат көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиадада жүлде алған спортшыларға сый-сияпат көрсетілді

27.09.2014
Азиадада жүлде алған спортшыларға сый-сияпат көрсетілді

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар айтарлықтай табысқа жеткендігі белгілі. Еліміздің абыройын асқақтатып, ауылына қайтқан жамбылдық үш спортшыны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев сый-сияпат көрсетті. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлайды.

Азия ойындарында Елдос Сметовке тең келер ешкім болмады. Дзюдодан еліміздің тарихында тұңғыш рет алтын жүлдені иеленген палуанға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

«Бапкерлеріме үлкен алғыс айтамын. Тұңғыш бапкерім - Ахмет Жұмағұлов. Финалда Әлем чемпионымен белдескенмін. Басында қиналдым. Алайда, айламды асырып, жеңіске жеттім», - дейді Елдос.

Облыс әкімі сондай-ақ, күміс және қола медаль иегерлері Ленария Меңғазова мен Әзиз Қалмаханұлына 500 мың теңге көлемінде сыйақы тарту етті.

 

Фото: ztgzt.kz

Хабарламаларға жазылу