Инчхон-2014. 25 қыркүйек. Бүгін Қазақстан құрамасы спорттың 15 түріне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. 25 қыркүйек. Бүгін Қазақстан құрамасы спорттың 15 түріне қатысты

25.09.2014
Инчхон-2014. 25 қыркүйек. Бүгін Қазақстан құрамасы спорттың 15 түріне қатысты

Академиялық ескек есуде: әйелдер төрттігі – 4-ші келсе, ерлер екілігі мен Георгий Феклистов 6-шы орын алды.  

Бүгін қазақстандық спортшылар оқ ату жарысынан бірнеше медаль иеленді.

Азия ойындарында оқ атудан ерлер командасы қозғалмалы нысанды көздеу жарысында «қола» алды.

25 метр қашықтықтан стандартты пистолеттен оқ ату жарысында ерлер командасы – 8-ші, ал құраманың үздік нәтиже көрсеткен мүшесі Рашид Юнусметов – 21-ші орын иеленді.

50 метр қашықтықтан винтовкадан жатып ату жарысында Ратмир Миндияров 9-шы болса, команда құрамында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Мария Дмитриенко дабл-трап жарысында 6-шы орынға тұрақтады.

Бақтияр Ыбраев қозғалмалы нысанды көздеу жарысында қола медаль ұтып алды.

Семсерлесудің шпага түрінде қазақстандық қыздар жартылай финалға өте алмады.

Камила Керімбаева теннис жарысының үшінші кезеңіне өтті.

Триатлоншы Валентин Мещеряков пен зілтемірші Жазира Жаппарқұл (75 келі) Азия ойындарын 6-шы орында аяқтады.

Ал триатлоншы қыз Каролина Соловьева – 10-шы орында.

Жағажай волейболында сынға түскен Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Азия ойындарының ширек финалына өтсе, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жарыстан шығып қалды.

Баскетболшы қыздар Моңғолия құрамасына, ал гандболшы қыздар Жапония спортшыларына есе жіберді.

Жүзуші Александр Тарабрин мен Станислав Осинский 200 метр қашықтықта арқамен жүзу жарысының финалдық бәсекесінде, сәйкесінше, 6-шы және 8-ші орын алды.

Су добынан ерлер құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларын 18:6 есебімен жеңді.

Зілтемірші Алмас Өтешов (94 келі) қытайлық спортшыдан тек 1 келі аз көтеріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Медаль кестесі:

1. Қытай — 152 (77, 41, 34)

2. Оңтүстік Корея — 91 (28, 33, 30)

3. Жапония — 93 (27, 35, 31)

4. Қазақстан — 30 (6, 8, 16).

Инчхондағы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының медальдары:

«Алтын» (6): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан әйелдер құрамасы (стендтік оқ ату), Дмитрий Баландин — екі (жүзу), ерлер құрамасы (теннис);

«Күміс» (7): Алмас Өтешов, Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков, ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — екі (жүзу), Светлана Германович пен Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (у-шу);

«Қола» (16): Александра мен Екатерина Немич, қыздар құрамасы (синхронды жүзу), Бақтияр Ыбраев, Андрей Могилевский, ерлер құрамасы – екі қола (барлығы – оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (барлығы — дзюдо), саблядан әйелдер құрамасы, шпагадан ерлер құрамасы (екеуі де — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (барлығы — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы).

Хабарламаларға жазылу