Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан теннистен ерлер арасындағы жарыстың алғашқы кездесуінде Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын ұтып, ширек финалға шықты.
Кортқа алғаш болып шыққан Александр Недовесов Лонг Пак Юнгтен6:1, 6:3 есебімен басым түссе, келесі ойында Михаил Кукушкин 6:1, 6:1 есебімен Давид Сафаені жеңді.
Ал, жұптық бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов қарсыластары Холтинг Кевин Кунг пен Хун Чон Вонгті 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Енді қазақстандық теннисшілер ширек финалда Үндістан құрамасымен кездеседі. Ойын дүйсенбі, 22 қыркүйекте өтеді.
Фото: www.gotennis.ru