Галина Воскобоева келесі кезеңге өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Галина Воскобоева келесі кезеңге өте алмады

16.01.2014
Галина Воскобоева келесі кезеңге өте алмады
Мельбурнде өтіп жатқан теннистен Австралия ашық біріншілігінде қазақстандық теннисші Галина Воскобоева екінші айналымда сүрінді. Ол әлемнің 16-шы ракеткасы, испандық Карла Суарес-Наварродан 6:7, 6:3, 6:8 есебімен ұтылып қалды.
 
Жекелей сында жарыс жолында тек  Зарина Диас қана қалды. Ол бүгін жаңазеландиялық Марин Эраковичті ұтып, үшінші айналымға шықты. Оның ендігі қарсыласы – румын Симона Халеп.
 
Бұған дейін жарыс жолынан Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева шығып қалған еді. Ерлер арасынан Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов те алғашқы айналымнан ары аса алмады.

Хабарламаларға жазылу