Футболдан Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық «Астана» командасы өз алаңында Тель-Авив қаласының «Хапоэль» командасын қабылдап, 3-0 есебімен жеңіске жетті. Астана Арена стадионында өткен кездесудің 15 минутында елордалық клуб сапындағы Рохер Каньяс төреші белгілеген пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды. Ал, екінші таймда Таңат Нөсербаев ойындағы екінші голдың авторы атанса, кездесудегі соңғы голды Абзал Бейсекбаев соқты. Қортынды есеп: 3-0, жеңіс жерлестерімізде. Қарымта кездесу 24 шілде күні өтеді.
Рустам БАЙДАУЛЕТ