Бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған турнир өтті

09.06.2014
Бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған турнир өтті
Алматыда бокстан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған дәстүрлі турнир мәресіне жетті. 5  күнге созылған бұл жарысқа 100-ден астам боксшы қатысты.
 
49 келіде жеңістің ең биік сатысына Жамбыл облысының былғары қолғап шебері Ермек Мәдиев көтерілсе, 52 келіде Спорт және туризм академиясының атынан сынға түскен Әнуар Мұзаппаров алтын иеленді.  
 
Сондай-ақ, Нұрбол Қалжанов, Абылайхан Құсайынов, Абылай Әлихан, Абай Төлеш турнир жеңімпаздары атанды.
 
75 келіде Қазақстанның эксперименталды құрамасының мүшесі Нұрзат Сабыров биылғы жарыстың ең үздік боксшысы атанды.
 
Чемпиондар қыркүйек айының 7-ші жұлдызында Ресейде студенттер арасында өтетін Әлем біріншілігіне қатысады.
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу