Денис Тен елге оралды
Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерімен жүздескеннен кейін баспасөз жиының өткізіп, байрақты бәсекеде алған әсерімен, жиған тәжірибесімен бөлісті. Денис Теннің «қоласы» - еліміздің мәнерлеп сырғанау спорты тарихында алған алғашқы олимпиадалық жүлде.
Жас та болса, әлемнің үздік спортшыларын сан мәрте басып озған Денис «Бұл жеңісіме тоқмейілсімеймін. Сочи Олимпиадасы - алда бағындырар белестерімнің алғашқы баспалдағы. Болашақтағы тартысты жарыстарда «алтынға» қол жеткізіп, қазақтың атын төрткүл дүниеге таныту асқақ арманым», деп түйді ол.
Денис Тен, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері:
Бұл жеңіс - тек менің ғана емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі. Мұзға шыққан сәтте жанкүйерлердің «Қазақстан! Алға, Денис!» деген қолдауларын естігенде, намысқа тырыстым. Расына келсек, бұл Олимпиада мені жігерлендіре түсті. Тіпті тәжірибе қостым, деп айтсам да болады.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38