«Астана арландары» кубалықтармен жекпе-жекке шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» кубалықтармен жекпе-жекке шығады

19.02.2014
«Астана арландары» кубалықтармен жекпе-жекке шығады

Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» командасы кезекті жекпе-жегін Куба былғары қолғап шеберлерімен өткізеді. Бәсеке 21 ақпанда Кубада өтеді.

 
Осыған дейін жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен кубалықтар B тобында көш бастап тұр. Ал, жерлестеріміз  екінші сатыға орналасқан.
 
Аталған жарыста ел намысын бес спортшы, Азамат Исақұлов, Бағдат Әлімбеков, Руслан Мәдиев, Ерік Әлжанов және Арбек Абдуғаниев қорғайды. Жекпе- жектерді «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу