Сочи Олимпиадасындағы хоккей турнирінің 1/8 финалында Словения құрамасы Австрия хоккейшілерімен кездесті.
Словения құрамасында қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасының қорғаушысы Сабахудин Ковачевич Австрия құрамасына бір шайба соғып, әріптестеріне бір нәтижелі пас берген.
Бұл кездесуде словениялықтар 4:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.