Davis Cup. Қазақстан Швейцариямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Davis Cup. Қазақстан Швейцариямен кездеседі

03.02.2014
Davis Cup. Қазақстан Швейцариямен кездеседі

Астана өткен Дэвис Кубогы бәсекесінде Қазақстан құрамасы Бельгиядан 3:2 есебімен басым түсті. Жарыстың алғашқы күні Михаил Кукшкин мен Андрей Голубев кездесулерін жеңіспен аяқтаған еді. Жұптық ойында бельгиялықтардың бағы жанды. Кейін Давид Гоффин Михиал Кукушкинді ұтып, есепті теңестірді.
 
 Шешуші ойында әлемнің 88-ракеткасы Андрей Голубев бельгиялық Рубен Бемельмансты 6:2, 6:3, 6:1 есебімен ұтып, Қазақстан құрамасын ширек финалға шығарды. Келесі кезең қарсыласы – Швейцария.  Роджер Федерер мен Станислас Вавринка бастаған команда Дэвис Кубогының бірінші раундында Сербиядан басым түсті.
 
 Швейцария құрамасының капитаны Северин Люти, ширек финалға қатысты өз пікірін білдірді. «Қазақстан құрамасымен ойынның Швейцарияда өтетіні біз үшін жақсы. Бұл ойынға Роджер Федерер мен Станислас Вавринка қатысады деп үміттенеміз. Оларды командада сақтау маңызды болып отыр», - деді Люти.

Хабарламаларға жазылу