Инна Симонова: Екінші жүгіруге жиналып үлгермедім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инна Симонова: Екінші жүгіруге жиналып үлгермедім

11.02.2014
Инна Симонова: Екінші жүгіруге жиналып үлгермедім
Қазақстандық спортшы Инна Симонова Сочи Олимпиадасында шорт-тректен 500 метр қашықтықтағы бәсекесіндегі өзінің нәтижесін қорытындылады.
 
«Мен жарысты бірінші бастаған кезде сәтті болған еді, алайда екінші жүгіруге жиналып үлгермедім», - дейді Симонова.
 
Іріктеу кезеңінде Инна өз тобында төртінші орын алып, ширек финалға шыға алмады.
 
Симонова енді 1000 және 1500 метр қашықтықтағы жарысқа қатысады.

Хабарламаларға жазылу