Елордада далада спортпен шұғылдануға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада далада спортпен шұғылдануға рұқсат берілді

28.04.2020
Елордада далада спортпен шұғылдануға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді. 

Алайда, атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек. 

Таңғы сағат 6:00-ден бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі.

 Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады.

Хабарламаларға жазылу