Теннистен Қазақстан құрамасы Азия/ Мұхит аумағы Федерациясы кубогы үшін тартыста Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.
Алдымен команданы алға шығарған Юлия Путинцева. Ол екі сетте де Геравита Медианды – 6:2; 6:1 есебімен басып озды. Бұдан соң Ярослава Шведова Лавиния Танантоны 6:3, 6:1 есебімен жеңіп, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.
Ертең қазақстандық теннисшілер Тайланд құрамасымен кездеседі.