Теннисшілер Федерация Кубогіне дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннисшілер Федерация Кубогіне дайындалуда

01.02.2014
Теннисшілер Федерация Кубогіне дайындалуда

Теннистен әйелдер құрамасы Федерация Кубогіне дайындалып жатыр. Сайыс ақпан айының 5-ші жұлдызында Астанада бастау алып, үш күнге созылады. Қатысушылар екі топқа бөлінген. Қазақстан командасының А тобындағы қарсыласы Индонезия және Тайланд ойыншылары. В тобында Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Тайбэй арулары өзара шеберлік байқасатын болады. Бірінші кездесуде ел намысын Галина Воскобоева, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Сесиль Каратанчева қорғайды.

Хабарламаларға жазылу