Астаналық жанкүйер Сочиге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жанкүйер Сочиге жол тартты

06.02.2014
Астаналық жанкүйер Сочиге жол тартты
Жанкүйер ретінде баратын ең жас спортшы - Дастан Құдайберді. Қысқы спорттың шаңғымен жүгіру түрімен айналысқанына үш жыл. Қазір де ол Риддер қаласындағы Мемлекеттік  олимпиадалық резерв колледжінде оқып, тәлім алып жүр.
 
Олимпиадашыларды қолдап, оларға күш-жігер беруді үлкен мәртебе деп санайтын спортшы бүгін таңғы 7.00-де Астана әуежайынан Сочиге ұшып кетті.
 
Дастан Құдайберді, спортшы:
Алексей Полторанин, Ердос Ахмадиев, Николай Чебатько сияқты  спортшыларды үлгі тұтамын. Шаңғы спорты басқа да спорт түрлері секілді еңбектің арқасында келеді. Ерінбей күнде дайындалу керек. Өз-өзін қолға алып, еңбектенгенде ғана нәтиже болады.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу