Бокс: Азия чемпиондары елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокс: Азия чемпиондары елге оралды

14.11.2022

Бұл - Бокстан Азия чемпиондарына көрсетілген құрмет. Астана әуежайынан оларды жанкүйерлері, туған-туыстары мен достары зор қошеметпен қарсы алды. Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өткен 32-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 медальды еншілеп, жалпы есепте 1-орын алды. Соның ішінде, дүбірлі додада астаналық спортшылар екі алтын, екі қоланы еншіледі. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы сапындағы жерлестеріміз Санжар Ташкенбай мен Айбек Оралбай алтыннан алқа тағып чемпион атанса, Нұрбек Оралбай қола медаль алды.

Айбек Оралбай, Бокстан Азия чемпионы:

Бізді қолдап, жанкүйер болып жатқан барша Қазақ еліне алығысымыз шексіз. Бұл жеңісімізбен тоқталып қалмаймыз. Бұл жеңіс біздің бастамамыз. Алда Әлем чемпионы, Азия ойындары белгіленді. Алдағы уақытта сол жарыстарға тыңғылықты еңбек етіп, дайындаламыз.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу