Жанкүйерлердің алғашқы легі Сочиге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанкүйерлердің алғашқы легі Сочиге жетті

07.02.2014
Жанкүйерлердің алғашқы легі Сочиге жетті
 
Қазақстандық жанкүйерлердің алғашқы легі Сочиге келіп жетті. Жерлестерімізді қолдауға келгендердің қатары көп. Фристайл мен мәнерлеп сырғанауға қатысатын спортшылар іріктеу сынынан өтсе, қалғандары соңғы дайындықтарын пысықтау үстінде.
 
Қалада барлық сақтық шаралары қарастырылған. Енді қас-қағым сәттен кейін төртжылдықтың басты бәсекесі қысқы ойындардың алауы 40 мың жанкүйер сиятын осы ойындарға арнайы салынған «Фишит» стадионында салтанатты түрде тұтанбақ. Қазақ спортшылары сақадай сай. Жерлестеріміздің бағы мен бабы қатар шапсын деп тілейік.
 
Ердос Ахмадиев, Ұлттық құрама мүшесі:
Көңіл-күй керемет. Аздап толқып та тұрмын. Елбасы бізге сәттілік тіледі.

Хабарламаларға жазылу