Сочи Олимпиадасына қатысушы - Дмитрий Рейхерд - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасына қатысушы - Дмитрий Рейхерд

04.02.2014
Сочи Олимпиадасына қатысушы - Дмитрий Рейхерд
Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапындағы спортшылардың дені Шығыс Қазақстан облысының өрендері. Бұл өңірдің өкілдері шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-могул, тау шаңғысы және сноуборд бойынша жарыстарға қатысады. Сол саңлақтардың бірі - Дмитрий Рейхерд. Фристайл-могул бойынша әлемдік додаларда үздік атанып жүрген жас жігітке жерлестері мол үміт артып отыр.
 
«Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады». Татьяна Рейхерд қазір дәл осы күйде. Оның екі ұлы да жастайынан шаңғы спортымен шұғылданады.
 
Татьяна Рейхерд, спортшының анасы:
Біз үшін әрбір медаль қымбат. Бұл - еңбектің, күнделікті жаттығудың жемісі. Үздік болу үшін күш-жігер, алға деген ұмтылыс болу керек. 2008 жылы жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды. Сондықтан бұл жеңіс - жүрегіме ең жақыны.

Хабарламаларға жазылу