Юлия Галышева марапатсыз қалмайды – Т.Есентаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Галышева марапатсыз қалмайды – Т.Есентаев

16.02.2014
Юлия Галышева марапатсыз қалмайды – Т.Есентаев
  ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев Сочи Олиимпиадасындағы спортшылардың нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vesti.kz
 
«Біз Юлия Галышеваны марапатсыз қалдырмаймыз. Демеушілеріміз бар. Ол үздік алтылыққа енгенде жүлдеге таласатын еді. Оның нәтижесін бәрі көрді, елеусіз қалмайды. Дмитрий Рейхерд те шеберлік танытып, бесінші орын алды. Біз таланатты спортшыларды бағалаймыз», - деді Тастанбек Есентаев.
 
Юлия Галышева Сочи Олимпиадасын жетінші орын алған еді. Ақтық кезеңге өтуі үшін небәрі 0,03 ұпай жетпей қалды. Кейін могулшы спорттық карьерасын аяқтаймын деп мәлімдеген еді.  

Хабарламаларға жазылу