Рейхерд – 5-ші, Колмаков – 10-шы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рейхерд – 5-ші, Колмаков – 10-шы

11.02.2014
Рейхерд – 5-ші, Колмаков – 10-шы
  Сочи Олимпиадасында могулден ерлер бәсекесі аяқталды. Бұл жарысқа үш қазақстандық спортшы қатысты. Ең үздік нәтижені Дмитрий Рейхерд көрсетті. Ол бесінші орын алды. Ал 17 жастағы спортшы Павел Колмаков ондыққа енді. Дмитрий Бармашов 26-шы орыннан көрінді.
 
Могул сайысында канадалық спортшылар мықты екенін тағы да дәлелдеді. Александр Билодо мен Микаэль Кингсбери «алтын» мен «күмісті» бөлісті. «Қоланы» ресейлік Александр Смышляев жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу