Жапонияның Нагано қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша Әлем чемпионатында қазақстандық Екатерина Айдова сегізінші орынды иеленді. Жарыстың екінші күні Айдова 500 метрлікке конькимен жүгіруден 9-шы нәтижені көрсетті. Ал 1000 метрлік қашықтықта мәре сызығын сегізінші болып кесті.
Жалпы есепте бірінші орынды қытайлық Ю Цзин жеңіп алды. Екінші орын оның отандасы Чжан Хунға бұйырды. Ал үштікті АҚШ спортшысы Хизер Ричардсон қорытындылады.