Хорватияда өткен жастар арасында әйелдер күресінен Әлем чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияда өткен жастар арасында әйелдер күресінен Әлем чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды

12.08.2014
Хорватияда өткен жастар арасында әйелдер күресінен Әлем чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды

Хорватияның Загреб қаласында жастар арасында әйелдер күресінен өткен Әлем чемпионатында қазақстандық палуан Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Екатерина 63 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, финалда ресейлік спортшы Любовь Овчароваға есе жіберді.

Еске сала кетейік, Е.Ларионова өткен жылы Будапеште ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу