Бейжің-2022: Айдова мен Морозова жүлдеге ілікпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Айдова мен Морозова жүлдеге ілікпеді

07.02.2022

Бүгін конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта жарыс жолына шықты. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Евгения Лаленковамен бір жұпта өнер көрсеткен Айдова 1 минут 59 секунд нәтижесімен 18-орын алды. Ал Надежда Морозова мәреге 1 минут 56 секундта келіп, 14-орынға ие болды. Ал осы жарыста төртжылдықтың чемпионы атанған нидерландтық Ирен Вуст Олимпиада рекордын жаңартты. Дегенмен жерлестеріміздің әлі де жүлде үшін таласуға мүмкіндіктері бар. Екатерина Айдова 12-ақпан күні 500 метр қашықтықта жарыс жолына шығады. 15-ақпан күні қос спортшымыз да 1000 метр қашықтықта өнер көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу