«Астана арландары» тағы да жеңісіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» тағы да жеңісіне жетті

11.01.2014
«Астана арландары» тағы да жеңісіне жетті

Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы бәсекеде «Астана арландары» командасы тағы да жеңіске жетті.

Команда Польша жерінде жергілікті «Poland Hussars» командасын тізе бүктірді. Шаршы алаңдағы бәсекеде ел намысын бірінші болып қорғаған Мардан Берікбаев командасына алғашқы ұпайды әкелді.
 
Сол секілді 56 келідегі Мейірболат Тойытов, 64 келідегі Асхат Уәлиханов және 91 келідегі Василий Левит қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
 
Тек қана команда сапынан 75 келідегі Ерік Әлжанов поляк боксшысының мықты екенін мойындады. Бұл жерлестеріміздің 5-ші кездесуі.

Хабарламаларға жазылу