Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің Нижний Новогород қаласының «Торпедо» командасынан ұтылды. Ойында есепті айдын иелері 7-минутта ашты. Голдың авторы - Денис Паршин.
Бірінші кезең соңына дейін жерлестерімізден Талғат Жайлауов көзге түсіп, есепті теңестіре білді. Екінші кезеңде қарсыластар «Барыс» қақпасына 4 шайба соқты.
«Барыс» барын салып, Найджел Доустың көмегімен таблодағы көрсеткішті бір ұпайға арттырса, үшінші кезеңде «Торпедо» Виталий Еремеев қорғаған қақпаға жауапсыз 2 гол соқты. Қорытынды есеп 7:2.