Абайдың 175 жылдығы кең ауқымда тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың 175 жылдығы кең ауқымда тойланады

03.06.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта ағартушының 175 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия 1 шілдеге дейін құрылуы тиіс деп көрсетілген. Ал қазанның 1-не дейін мерейтойдың жалпы республикалық жоспары бекітілмек.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейін кешенді жаңғырту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан өзге, Абай шығармаларының шет тілдеріндегі сапалы аудармасын баспадан шығарып, халықаралық деңгейде насихаттауға тапсырма берді.

Рахымжан Тұрысбек, филология ғылымдарының докторы, профессор:

- Абай мұрасы арқылы қазақты таныту керек те, қазақ арқылы қазақ руханиятын жаңа деңгейге, жаңа сапаға, жаңаша бағыттарға қарай бұруымыз керек. Бұл ретте, бүгінгі жарлықтың шын мәнінде пәрмені бар ғой деп ойлаймын. Бұл әр ауыл мен қаланың арасында атқаратын шаруаның көп екенін танытады. Біз Абайға қайта оралуымыз керек. Абайды бүгінгі уақыттың рухымен қайта оқуымыз керек, зерделеуіміз керек. Бұл ретте, Абайдың мерейтойын атап өту, әсіресе, өз деңгейінде атап өтудің маңызды тұстары бар деп ойлаймын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу