Еуразиялық халықаралық кітап шарасы 24-27 сәуір аралығында елордада өтпек. Оқырман қауым үшін құнды туынды Ұлттық академиялық кітапханада сақталған. Сондай-ақ, парсы, Үндістан, Қытай және Жапонияның түпнұсқа еңбектерінен алынған 1735 жылы шығарылған Қытай ойшылдарының кітабы бар. Олардың бірі Луврде, екіншісі Қазақстанда сақталса, үшінші данасы белгісіз оқырманның қолында. Жәрмеңкеге 13 мемлекеттен 90 компания қатысады деп күтіліп отыр.
Үмітхан Дәуренбекқызы, Ұлттық академиялық кітапхана директоры:
- Ұлттық академиялық кітапханада 13 мыңнан астам сирек кітаптар мен қолжазбалар сақтаулы. Қорымыздың ең үздік экспонаттарының бірі - 1532 жылы көрсетілген ескі латын қарпінде жазылған қолжазба. Бұл кітаптың мұқабасы адам терісінен жасалған, сондықтан көрмеге келушілердің барлығы осы кітапқа қызығушылық танытып отыр. Көрмеде атышулы кітаптың қасына күзет қойылады.
Нысаналы ЫҒЫЛ