«QAZSPORT» телеарнасы халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QAZSPORT» телеарнасы халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

07.02.2019

Әріптестеріміз түсірген Паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллина туралы «История маленькой русалки» деп аталатын деректі фильм «Атлант» XIII спорттық фильмдер бәйгесінде бірінші орын алды. Жобаның сценарий авторы әрі радакторы - Аян Төлеген.

«Атлант» халықаралық фестивалі - спорт саласы бойынша әлемдегі ең ірі 5 байқаудың бірі. Биылғы сайысқа барлығы 70 жоба қатысқан. «QAZSPORT» дайындаған туынды «Спорт және қоғам» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Аян Төлеген, «История маленькой русалки» фильмінің сценарий авторы және редакторы:

- «QAZSPORT» телеарнасы тұңғыш рет xалықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Осыған орай «QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясы мен «QAZSPORT» телеарнасына алғыс айтамын. Фильмнің дүниеге келуіне үлес қосқан режиссер Серік Кете мен операторлардың ұжымын атап өткен жөн. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, көрермендерді әлі талай сапалы әрі қызықты фильмдермен қуантамыз.

Александр Любимов, «Атлант» XIII спорттық фильмдер фестивалінің бағдарламалық директоры:

- Фильм авторларының еңбегін барынша шынайы бағаладық. Қазылар алқасының арасында түрлі пікірталастар өтті. Алайда, «QAZSPORT» телеарнасының фильмін бірауыздан жеңімпаз деп таныдық.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу