Астанада «Елорда жұлдызы» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Елорда жұлдызы» сыйлығы табысталды

11.12.2018

Бас қаланың көркеюі мен оның дамуына үлес қосқан ұжым мен компаниялар осындай марапатқа ие болды. Дәл бүгін 1997 жылы елордамыз Алматыдан Астанаға көшірілген еді. Аталмыш іс-шара да осы күнге орайластырылып отыр. Атап айтсақ, «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы, «Астана балет», «Астана опера» және «Жастар» театры ұжымы бас шаһарды әлемге танытуда тер төккені үшін марапатталды. Кеш мерекелік концертпен жалғасты. Оған еліміздің танымал өнерпаздары қатысып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу