Астанада жастарға «Рухтастар» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жастарға «Рухтастар» сыйлығы табысталды

26.12.2023

Үздік волонтёрлер мен белсенділер марапатталды. Еліміздегі жастар саясатының дамуы мен қоғам игілігі жолында елеулі үлес қосқан өрендерге берілетін «Рухтастар» сыйлығы осымен екінші рет табысталып отыр. 8 номинация бойынша еңбегі еленген жастардың бірі – Семей қаласы №7 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Елдос Нұртазаев. Ол «Семей орманы» шаруашылығы аумағындағы орман өрті кезінде ерлік көрсетті. Тілсіз жаумен күрескен батырлардың ерліктерін әлеуметтік желілерге жариялап, халық арасында танылды. Негізгі жұмысымен қатар көпбалалы отбасыларға, қарттар үйіндегілерге өз көмегін аямай, қоғамдық жұмыстарға үнемі атсалысады.

Елдос Нұртазаев – «Қайсар» жыл батыры номинациясының жеңімпазы:

Бұл номинация бүкіл өрт сөндірушілердің арқасы деп білемін. Абай облысында үлкен апат болған болатын. Айтады ғой «Бірлігі бар жердің тірлігі бар» деп. Сол кезде осы рухты жастарымыз қол ұшын беріп, қазақ елім деп бізге көмектескен болатын.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу