Астанада «Жан шуақ» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жан шуақ» сыйлығы табысталды

01.12.2023

Астанада «Жан шуақ» сыйлығының иегерлері марапатталды. 8 үздіктің әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай қаржы табысталды. Құрмет пен қошеметке бөленгендердің қатарында Ермек Қалымбетов те бар. Ол қоларбадағы биімен Азия және әлем чемпионы атанған. «Спорт саласындағы үздік жетістіктері үшін» шымкенттік тұрғынға «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды. Ал «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен алматылық Дәурен Алқанов марапатталды. Ол мүгедектер арбасын тегін жөндейді.

Сондай-ақ, 10 тілді меңгеріп, 68 мың кітап оқыған Түркістан облысының азаматы Мейірхан Топанбай да үздіктер қатарында. «Аmanat» партиясының қолдауымен өткен шараға мыңнан аса адам қатысты. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов Президент ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау мәселесіне айрықша назар аударатынын атап өтті .

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы:

Қазір инклюзивті мемлекет, инклюзивті экономика, инклюзивті қоғам туралы жиі айтамыз. Ол - әділдік пен бірлік, тәртіп пен заң үстемдігі және тең мүмкіндіктер дегенді білдіреді. Әділдік бар жерде ғана заң мен тәртіп үстемдік құрған кезде ғана барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерге жол ашылады. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты ұстанымы екенін жақсы білесіздер.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу