«Ел жүрегі – елорда шежіресі». Бұл - Астана қаласының 20 жылдығына орай шығарылған кітаптың атауы. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітаптар «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған материалдардың негізінде жинақталған. Кітап 1998-2018 жылдар аралығында жарық көрген мақалалардан құрастырылған. Жоба жетекшісінің айтуынша, тың деректерді іздестіру барысында архивтерді аралап, қала құрылысына үлес қосқан азаматтармен сұхбаттасуға тура келген.
Айсар Жұмабайұлы, «Elorda Aqparat» медиа-компаниясының директоры:
- Бұл кітапты біз 1 желтоқсанға Президентке тапсырдық.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
